«Бөленген құрметіне қалың жұрттың»

(0 Votes)

Осындай тақырыппен ұзақ жылдар аудан экономикаының дамуына елеулі үлесін қосқан құрылыс және мемлекеттік қызмет саласының ардагері Қуандық Садыховтың 70 жасқа толуына орай салтанатты шара өтті. Үлкен экраннан мерейгердің өмірінен, еңбек жолынан сыр шертетін бейнебаян назарға ұсынылды.

Аудан әкімі Қайрат Нұртаев мерейтой иесін қуанышымен құттықтап, құттықтау хатын табыстады. Сондай-ақ, ардагер ағаның өмірлік бай тәжірибесі мен ақыл-кеңесі мемлекеттік қызметте жүрген жастар үшін үлкен үлгі-өнеге екенін жеткізді.

uandy

Тағылымға толы шарада Қуандық Садиқұлұлының алдыңғы толқын ағалары, үзеңгілес замандастары, ізбасар іні-қарындастары сөз алып, мерейгердің қадір-қасиетіне   тоқталып, ақжарма тілектерін арнады.  Тума-туыстары, ұрпақтары да сахна төрінен табылып, ыстық лебіздерін білдірді. Әр сөйлеушінің сөздерінен кейін аудандық мәдениет үйі өнерпаздары саздық сәлемдемелерін жолдап отырды. Соңында мерейгер қуанышымен бөліскендерге ризашылығын білдірді.

uandy-aa-marapat1

А.НӘЖІМОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521