Бөлімнің жаңа басшысын таныстырды

(0 Votes)

Құрманғазы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің қызметкерлеріне жаңа басшысын таныстырған аудан әкімі Қайрат Талапұлы:

– Конкурс қорытындысы бойынша, аудан әкімінің №251 өкімімен Мусин Әділбек Өмірбекұлы бөлім басшысы қызметіне тағайындалып отыр. Әділбек Өмірбекұлы 1980 жылы Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Ганюшкин селосында туған. Ұлты қазақ. 1986-1997 жылдар арасында ауылдағы Ломоносов атындағы орта мектепті бітірген. Білімі жоғары.1997-2001 жылдары Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Филология» факультетін «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірді. 2004-2008 жылдары аталмыш университеттің «Заңтану» факультетінде білім алып, «Заңтану бакалавры» дәрежесін алып шықты.

Еңбек жолын 2001 жылы аудандық ішкі істер бөлімінен бастады. 2001-2005 жылдар аралығында аудандық ішкі істер бөлімінің аймақтық участкелік инспекторы, қылмыстық іздестіру бөлімшесінің жедел уәкілі, жасы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімшесінің бастығы болып қызмет етті. 2011 жылдан бастап аудан әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінде бас маман, 2015 жылдан күні бүгінге дейін аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарды. Жанұялы, 4 қыз, 1 ұлы бар.

img_2506

Сізге абыройлы қызмет тілейміз. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бойынша ауданда үлкен жұмыстар жүзеге асып жатыр. Оларды жүйелі түрде атқарады деген сенімдеміз. Көріп отырсыз бөлімде кілең жастар, тіл табасып жұмыс жасайсыз деген ойдамыз, - деп жаңа лауазымында сәттілік серігіңіз болсын деген ізгі тілегін білдірді.

Өз тарапынан Әділбек Мусин көрсетілген сенім үшін ризашылығын айтып, оны ақтау үшін жұмыстанатынын жеткізді.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521