Бөлімге жаңа басшы тағайындалды

(0 Votes)

Құрманғазы ауданы әкімінің 2020 жылғы 24 тамыздағы №325-ө өкімімен аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың біріңғай қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы лауазымына Рабиға Кисамеденова тағайындалды.

ttytau-2

Жаңа басшыны таныстырған аудан әкімі Қайрат Талапұлы: – Рабиға Анартайқызы 1962 жылы 24 наурызда Шымкент облысы, Сайрам ауданында дүниеге келген. Ұлты қазақ, білімі жоғары. 1984 жылы Алматы архитектура-құрылыс институтында оқып, инженер-құрылысшы мамандығын алған. Алғашқы еңбек жолын сол жылы Теңіз ауданы Ганюшкин ауылында «Гурьевмежколхозстрой» трестінің ПМК-29 мекемесінде қауіпсіздік техникасының инженері болып бастап, 1987-1988 жылдары №12 кәсіптік-техникалық училищеде оқу шебері болып жұмыс жасады. 1988-2011 жылдары Теңіз аудандық атқару комитетінің жоспарлау комиссиясында экономист, аудандық хал актілерін тіркеу бөлімінің маманы, аудандық әкімшіліктің тұрғын үй жәрдемақысы орталығының басшысы, аудандық еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімінде, Маңғыстау облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінде бас маман қызметінде болды. 2015 жылдың 19 қазанынан бастап Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың біріңғай қызметі бөлімінің бас маманы лауазымын атқарды. Жанұялы, төрт бала тәрбиелеуде, - дей келе денсаулық, отбасына амандық тілеп, бөлім жұмысын жолға қояды деп сенім білдіріп, кадр резервін қалыптастыруды жандандыруды тапсырды.

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар, азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Әділбек Мусин: – Рабиға Анартайқызы көрсетілген сенімді ақтайды деп ойлаймын. Әкімдікке келгеннен бері жақсы білемін, өте ұқыпты, түсінігі, тәжірибесі мол маман. Кадр бөлімінде жасаған қызметінің нәтижесімен Құрмет грамотасымен марапатталды, - деп бұл қызметке лайық деген баға берді. Соңында аудан әкімі Қайрат Нұртаев бөлімнің жаңа басшысын орнына отырғызды.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521