- Өз тұрғылықты мекенжайым бойынша 173 санды сайлау учаскесі бойынша дауысымды беріп, өз азаматтық парызымды орындап шықтым. Бұл сайлау - біздің болашақ дамуымызды айқындайтын болады.
Әділетті Қазақстанды қалыптастыру жолында қолға алынып жатқан кешенді реформалар, жарқын бастамалар халық игілігіне асса деген ойдамын.
Егемен еліміздің жарқын болашағы үшін әрбір қазақстандық дұрыс таңдау жасай білуі керек. Әрбір саналы азамат мемлекетіміздің келешегі өз қолында екенін сезініп, сайлауға келуі керек. Өйткені бұл сайлаудың қорытындысымен қазақ елі алдағы жеті жылдағы жүрер бағытын айқындайды,- деді аудандық мәслихат депутаты Талғат Серікбайұлы Жұмалиев