"Бұйырғын" құс еті Атырау қаласында сатылуда

(0 Votes)

«Қазіргі таңда  Құрманғазы ауданында өндіріліп жатқан құс еті Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан  облыстарының  сұранысын қамтамасыз етіп отыр. Өткен жылы қайта іске қосылған ферма 79 тонна құс етін өңдірді» деп хабарлайды Atr.kz       

«2019-2020 жылдар аралығында 2 құс өсіруге арналған ғимарат жұмыс істеді. Осы аралықта 60-65 тонна құс еті өндірілді.    2020 жылдың қараша айынан бастап 3, 4 ші ғимараттар іске қосылды. Қазіргі таңда ферманың   жылдық қуаттылығы – 312 тонна. Енді жылына 500-540 тонна өнім шығару жоспарлануда» дейді Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаев.     

Өндірістік нысан құсты еденде еркін бағып –өсіруге арналған неміс қондырғыларымен жабдықталған.   Арбор Айкрес етті бағыттағы құстың инкубациялық жұмыртқасы бүгінгі таңда көршілес Ресей Федерациясына қарасты Башқұртстаннан арнайы автокөлікпен тасымалданып отыр.  

Еске сала кетелік, «Бұйырғын» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі 2018 жылдың мамыр майында құрылған.  

Казіргі уақытта кооператив 33 аудан тұрғынын вахталық ауысыммен жұмыспен қамтып отыр.

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521