Бүгін теңге күні

(0 Votes)

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - Теңге күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Осыдан 27 жыл бұрын Елбасының Жарлығымен ұлттық валютамыз – Теңге қаржы айналымына енгізілді. Тәуелсіз еліміздің міндетті нышандарының бірі ретінде ұлттық валютаны енгізу қоғам өмірінде елеулі оқиға болғаны сөзсіз. Бұл Қазақстанның дербес даму жолына түскенін айғақтаған іс еді.

Егемендікке қол жеткізген ширек ғасырда мемлекеттік қаржы саясаты отандық экономиканы дамытудың теңдессіз құралына айналды. Ол бізге әлеуметтік және саяси мәселелерді оңтайлы шешіп, мемлекетіміздің халықаралық аренадағы беделін арттыра түсуге мүмкіндік беруде. Сондықтан қаржы жүйесі қызметкерлерінің басты міндеті экономикалық өсім мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады.

Қымбатты қаржыгерлер! Ауданымыздың экономикалық ахуалының қалыпты дамуына елеулі үлес қосып келе жатырған тынымсыз еңбектеріңіз үшін шексіз ризашылығымды білдіре отырып, Сіздерге мықты денсаулық, еңбектеріңізге толағай табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін.

 Құрметпен, аудан әкім Қ.Нұртаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521