Бүгін қоғамдық көліктер тегін жүруде

(0 Votes)

Еліміз үшін маңызды саяси науқан, бүгін өтіп жатқан Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттарының депутаттары сайлауы күні Құрманғазы ауылындағы "Ескі аэропорт  және Құрылысшылар мөлтек ауданынан бастап жүретін маршруттар жолаушыларды тегін тасымалдауда. 

Бұл туралы "Автомобиль-М"  ЖШС-нің Құрманғазы ауданындағы өкілі Ғалымжан Мұқашев хабарлады.

Оның айтуынша, аудан әкімі Қайрат Нұртаев пен аталмыш мекеменің директоры Мақсот Сүйіновтың өзара келісімімен бұл игі іс жүзеге асып отыр.

Бұл тұрғындардың сайлау учаскелеріне алаңсыз барып, өз таңдауларын жасауларына қарастырылған мүмкіндік екенін айтқымыз келеді. 

Айнагул Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521