Бөгеттің опырылған жерлері бар

(0 Votes)

Дыңғызыл ауылдық округіндегі Данай участогін 2016 жылы да өр суы жарып кете жаздағаны есімізде.

Биыл да су тазарту имаратының алдына тіреліп, жарға соғуда. Мұндағы бөгеттің опырылып құлаған тұстары да бар. Себебі келген су ең бірінші осында тіреледі. Бұл жерде ағын да күшті. Округ әкімі Оралбай Әзімовтің мәлімдеуінше қауіпті тұстар 1800 метрді құрайды, оларды бетондауға ұсыныс берілген.

img_1329

img_1332

Аудан әкімінің орынбасары Жандос Бектеміров былтыр күзде де су келгендіктен жер құрғап үлгермегенін еске салды. Биылғы өр суының жерге сіңбей, жылдам көтерілуінің басты себебі осы. Мұның өзі қырағылықты күшейте түсуді талап етеді. Аудан әкімі Қайрат Талапұлы өр суы бір ай бұрын келіп жатқандықтан шұғыл шаралар алып, жауапты мекемелердің басын қосып жиналыс өткізуді ұсынды.

Қ.Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521