Азық-түлік бағасы шарықтады

(0 Votes)

Қазір базардан тамақ сатып алу үшін қалтадағы жалақының 70 пайызын жұмсайсың. Ай емес, апта сайын өзгерген мұндай цифрға әлі күнге дейін шектеу қойылмай тұр.

Ал, дүкендегі саудагерлермен жақын араласып кеткен соң, уәжімді тіке айтпай, тек тауар құнын түсіру керектігін сарказммен жеткіземін. Отбасыны асыраудың, айдан айға аман жетудің қамымен үйдегі  сөреге тамақты қапшықтап жинаймыз. Әлеуметтік тағамдардан бөлек, күнделікті шай-суыңа алатын тәттілерің бар. Ет пен нансыз отырмайтын қазақпыз. Жоқ дегенде, 25-30 келі сиырдың бір сан етін әр келіге  2300 теңгеден есептей беріңіз. Қала берді, өткен айда 4400-ге алған 25 келілік «Патша» ұнының бүгінгі бағасы 4700 теңге. Жұмыртқа 41-45 теңге, картоптың бір келісі 220-250 теңге. Айта берсе, қымбатшылық моншағы тізбектеле береді.  Сосын амал жоқ, қолды қалтаңа соғып, сатушының қарыз дәптерін амалсыз аштырасың. Саудагерден неге қымбат деп сұрасаң, шекарадан әкелінетін тауарға  жол шығынын, жеткізіп берудің тегін еместігін айтады. Жұмырбасты пенде болған соң, оған да түсіністікпен қарайсың. Базар бағасы күнбе-күн аспандап, ұстатпай барады. Өткен әзірдегі бейбіт шеруде осы мәселе көтерілген-ді. Енді азық-түлікті тұрақтандырудың кешенді  істері тезірек қолға алынса деймін.

Нұрғиса Шияпов, Еңбекші ауылдық округінің тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT