Азық-түлік бағасы қашан реттеледі?

(0 Votes)
almaty.tv

Азық-түліктің шектік бағасы Ұлттық экономика министрлігі бекіткен «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Ішкі сауда Қағидаларына сәйкес реттелетінін еске салып қояйық.

Осы заңда әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің шекті сауда үстемесінің мөлшері 15 пайыздан аспауы тиістігі нақты көрсетілген. Баға мониторингі жүзеге асырылатын азық-түлік тауарларының 19 атауынан тұратын тізбе Үкіметіміздің қаулысымен бекітілген. «Шектік бағаны кім белгілейді?» деген сұраққа жауап берсек, жоғарыда аталған заңда: «Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекітеді» дейді.

Оқырманға таныс болуы үшін айтсақ, Атырау облысы бойынша шектік баға І сұрыпты ұнға – 300, одан жасалған нанға – 194, шекпелі рожкиге – 140, қарақұмыққа – 809, күрішке – 461, картопке – 188, сәбізге – 167, пиязға – 97, қырыққабатқа – 182, қант-құмшекерге – 335, өсімдік майына – 946, сиыр етіне – 2061, тауық етіне –1016, жұмсақ қораптағы пастерленген майлылығы 2,5% сүтке – 370, майылылығы 2,5% жұмсақ қораптағы айранға – 331, сары майға – 3794, І сұрыпты тауық жұмыртқасына – 35,7, ас тұзына – 54, майлылығы 5-9% сүзбеге –1502 теңге.

Ауданымызда 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке қатысты шектік бағаға мониторингті аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі жүргізеді. 2023 жылдың 30 қаңтары күні ауданымыздағы сауда орындарында келімен есептегенде бірінші сортты бидай ұны – 280, нан – 130, шекпелі рожки – 380, қарақұмық – 520, күріш – 460, картоп, сәбіз – 200, пияз – 230, қырыққабат – 160, қант – 380, өсімдік майы – 630, сиыр еті – 2200, құс еті – 1400, пастерленген сүт, айран – 380, сары май – 1500, жұмыртқаның 10 данасы – 480, ас тұзы – 75, сүзбе – 1200 теңгемен тіркелген. Мұны 4 қаңтар күні жүргізілген мониторингпен салыстырсақ, күріш – 10, пияз – 70 теңгеге қымбатсып, қант, өсімдік майы – 20, жұмыртқа – 50, ас тұзы – 5 теңгеге арзандаған.

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521