Азулы ақындардан қай жерің кем?

(2 Votes)

Нұрым Ерғалиевке!

Қаймықпай көтерумен ердің жүгін,

Сері ме араламас жердің жүзін.

Қашаннан "мен келем"... деп созып айтып,

Асқар тау алпысыңа келдің бүгін.

 

Сол жылдар бірге өткізген аңыз қандай,

Шалқыдық бақытымыз табылғандай.

Қолдаған жақсыларға өкпеміз жоқ,

Өшпеуге отқа майды тамызғандай.

 

Ізің қалса Шаронның жағасында,

Туған жер ердің жеткен бағасына.

Жарыңды құдай өзі таңдап берген,

Маған емес, тік тұр Бану нағашыма.

 

Аман жүр, қол ұстасып, шүкір десіп,

Тәңірім бермегенге жүгірмесім.

Қорланжан жиендерді сапқа тізіп,

Ақ Қобес бере берсін шүпірлетіп.

 

Азғырдың алтын мүйіз елігінің,

Сен бірі, ақын Нұрым, сері Нұрым.

Исатай, Гүлзадажан қос қолтықта,

Көреміз" Сарайшықтан" сені бүгін

 

Қара үзіп қалсын артта" ай, керімдер",

Тимейтін бал болады қайта ерінге.

Алпыс та біраз жер ғой, жазумен бол,

Азулы ақындардан қай жерің кем?

 

Кеше күн жанарымды суладым да-ай,

Іні етем бір жүргеннің қуларын қай.

Ащы да, тәтті жұтқан тағдыр едік,

Өрлей түс, көрем сені туғанымдай.

 

Әріптестік, ағалық ізгі тілекпен: Таңатар Дәрелұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521