Атырау облысы Білім беру басқармасы "Таланттарды анықтау және қолдау орталығы" ұйымдастырған "ГитараFest" І облыстық фестивалі өтті.
Оған жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері қатысқан болатын. Осы сайысқа Құрманғазы ауданы атынан қатысқан бүгінде С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенті Азиз Жандосұлы Бектемиров гитара аспабында шебер орындаушылық танытып, гран при иегері атанды.