Қажырлы қолөнерші

(2 Votes)

Адамның мүмкіндігі шексіз. Белгілі бір жетістіктерге жету үшін он екі мүшеңнің саулығы, қалтаңның қалыңдығы болуы міндетті емес екен.

Сөзіме дәлел келтірсем, өңіріміздің тумасы Гүлнара Хасанова - III топ мүгедегі. Алайда оның қолынан шыққан әрбір туындыға көпшіліктің ықыласы кеміген емес. Анығырақ айтсам, туғанынан жанарынан айрылған жан ішкі түйсігі арқылы айналаға барлау жасап, сонау ықылым заман тарихымен бірге өсіп, біте қайнаған қолөнер ісімен айналысады.

olner

Мектеп жасынан өнерге қызығушылығы оянған кейіпкеріміз сұлулық эталоны Қыз Жібек пен күміс көмей, жез таңдай әнші Күләш Байсейітованың суреттерін бөлмесінің төріне қойып, сол тұлғаларға еліктеп өсіпті. Сахнаның құдіретін сезінген оны арманы адастырмай, аудандық мәдениет үйінде «Халық» театрының суретшісі атанады. Осылайша өзінің жаңа қырын дамытып, қызметіне бар ынта-ниетімен кіріседі. Сол жылдары қылқаламымен өрнектеген күй атасы Құрманғазы бабамыздың суреті ауданымыздың көрнекті жеріне ілінді. Сондай-ақ, орталық Темірәлі мешітінің де сыртқы сұлбасын жасақтауда бұл кісінің еңбегі зор.

«Жаныма ең ыстық туындым» деп бархат қағаздан қиюын келтірген қызғалдақ гүлін көрсетеді. Бұл гүлі Алматы қаласында өткен республикалық «Қолөнершілер байқауында» арнайы жүлдеге ие болыпты. Безендіру ісімен де әртүрлі мереке-тойлардың сәнін үстеп, талай бұйымтайшының сұрауын өтеді. Не нәрсені пішіп-тіксе де ұлттық нақыштағы ою-өрнекті қосуды ұмытпайтын шебердің шынында да барлық бұйымы көзге ерекше тартымды. Оның арасында түрлі әшекейлер, жұмсақ ойыншықтар, қабырға жазуларына дейін бар.

Еркеназ Қалижан

Материалды толығырақ «Серпер» газетінен оқи аласыздар!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521