Қажетсіз мамандықты таңдаған жұмыссыз қалады

Рейтинг: 0 / 5

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы жұртшылықты ерекше серпілтіп, алдағы күндерге деген сенімдерін арттырды.

Президент өз Жолдауында еліміздің экономикалық дамуы, оны алдағы жылдары дамытудың басым бағыттарын атап көрсетіп, сол бойынша атқарылатын негізгі міндеттерді белгілеген болатын. Әр саланы дамыту үшін олардың басшыларына дербес жауапкершілік жүктеу керектігін атап өтті.

Бұл Жолдаудағы басым бағыттардың бірі әлеуметтік мәселелер деуімізге болады. Мемлекет басшысы Жолдаудағы денсаулық, білім беру саласына, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды, зейнеткерлерді әлеуметтік қолдауға айрықша тоқталып, зейнетақыны арттырудың жолдарын қарастыру керектігіне мән берді. Президенттің білім беру бағытында бірқатар сұрақтардың жіті бақылауға алынатынына және олардың шешілуіне жағдай жасалатынына маңыз беруі ардагер-ұстаз ретінде менің де ризашылығымды туғызды. Әсіресе, ауылды мекендердегі дарынды жастарды іріктеп, шет елдердегі ЖОО-нан білім алуларына мүмкіндік беру, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушылардың жағдайын жасау баса назарда екендігі қуантады. Президент оқушылардың қабілеттеріне негізделген кәсіби бағдарлау саясатына көшуіміз керектігін айтты. Осы ретте, еңбек нарығында талап етілетін мамандықтарды таңдауға бағытталған жоғары сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу бүгінде кезек күттірмейтін мәселелердің бірі де бірегейі.

2020 жылдан бастап ұстаздар қауымының табыстық көрсеткіші 25 пайызға өсетіні, педагогтар тарапынан нәтижелі еңбекке ұмтылыс беретіні сөзсіз.

Бір сөзбен айтқанда, бұл Жолдау әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңіне жол ашып, жас ұрпақтың салауатты да сауатты болуына жағдай жасап, еліміздің өркендеуі мен гүлденуінің негізі болмақ.

Балғаным Хасенова,

білім саласының ардагері, «Құрмет» орденінің иегері

Соңғы жаңалықтар

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика