Азғыр ауылдық округіндегі Балқұдық ауылына қарасты 195 референдум учаскесінде 882 дауыс беруші бар.
Қазіргі уақытта 600-ден астам тұрғын өз таңдауын жасады. Шалғайдағы учаскелерге тасымалдау жәшіктері жеткізіліп, 28 малшының өз ұстанымдарын білдіруге мүмкіндік туғызылды. Комиссия мүшелері "Орысқұдық", "Дәрітүскен", "Қартшеген", "Жолқызыл", “Жәбел” учаскелеріне барып, ондағы малшылардың өз таңдауларын жасауына ықпал етті.