Азғыр мен Сүйіндік ауылдық округтерінде әкім сайлауы өтті

(0 Votes)

2025 жылғы 2 қараша күні Құрманғазы ауданында Азғыр және Сүйіндік ауылдық округтері әкімдерінің сайлау науқаны өтті.

 Бұл саяси шара – жергілікті басқару жүйесін жетілдіру, халықтың ел болашағын айқындайтын маңызды шешімдерге тікелей араласуына мүмкіндік беру мақсатында ұйымдастырылды. Азғыр ауылдық округі әкімдігіне үміткер ретінде 3 кандидат, ал Сүйіндік ауылдық округі әкімдігіне де 3 кандидат тіркеліп, өздерінің сайлауалды бағдарламаларын ұсынды. Әр кандидат ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын, инфрақұрылымды жақсартуды және тұрғындардың әл-ауқатын арттыруды басты бағыт етіп алды. Сайлау күні ауыл тұрғындары ерекше белсенділік танытты. Сайлау учаскелеріне таңғы сағаттардан бастап келген сайлаушылар өз таңдауларын жасап, азаматтық борыштарын орындады. Дауыс беру барысы заң талаптарына сай, ашық әрі әділ түрде өткізілді. Сайлау учаскелерінде барлық қажетті жағдай жасалып, бақылаушылар мен комиссия мүшелері тарапынан сайлау процесінің әділдігіне баса назар аударылды. Бұл сайлау – ел ішіндегі демократиялық дәстүрдің, азаматтық жауапкершіліктің және ауыл тұрғындарының өз ауылының болашағына деген бейжай қарамайтындығының айқын көрінісі болды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT