Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 15 желтоқсандағы №34 шешімі негізінде, аудан әкімі А.Жангалиевтің өкіміммен 2023 жылғы 15 желтоқсанынан бастап, Әнес Асылбек Сайфоллаұлы Азғыр ауылдық округінің әкімі лауазымына тағайындалды.
Әнес Асылбек Сайфоллаұлы 1982 жылы 18 желтоқсанда Құрманғазы ауданы, Балқұдық ауылында дүниеге келген.
Ұлты–қазақ.
Білімі–жоғары.
2010 жылы Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» және 2015 жылы Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандықтары бойынша бітірген. Нұржау ауылдық округінің тұрғыны. Еңбек жолын 2005 жылы «РАСК» «Балқұдық» нысанында жұмысшы болып бастаған, 2005 – 2011 жылдары әр түрлі жұмыстарда, 2011 – 2012 жылдары Исатай ауданы Забурын селолық округі әкімі аппаратында бас маман, 2012-2014 жылдары Құрманғазы ауданы Бірлік ауылдық округі әкімі аппаратында жетекші, кейін бас маман, 2015-2016 жылдары Атырау облыстық ішкі саясат басқармасында әкімшілік бөлімінің басшысы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы, 2016 -2020 жылдары Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының кадр бөлімінің бас маманы, 2020-2021 жылдары Атырау облысы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында құқықтық ұйымдастыру, қаржы және кадр жұмысы бөлімінің басшысы, 2021-2022 жылдары Құрманғазы ауданы Жаңаталап ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2022 жылдан бастап, қазіргі кезге дейін аудандық мәслихат аппаратының ұйымдастыру және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы лауазымын атқарды.