Аудан прокуратурасындағы азаматтарды жеке қабылдау жұмысы Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін қабылдау қағидаларына сәйкес ұйымдастырылуда.
Күнделікті қабылдауды аудан прокуроры бекіткен кестеге сәйкес жұмыс уақытында сағат 9.00-ден бастап 18.30-ға дейін қабылдауға өкілеттік берілген прокуратура қызметкерлері жүзеге асырады.
Лауазымды тұлғалардың аты-жөні және тегі, қабылдау күндері көрсетілген қабылдау кестесі мемлекеттік және орыс тілдерінде прокуратура ғимаратында көпшіліктің назарына қолжетімді орында ілінген, сондай-ақ ол туралы мәліметтер облыс прокуратурасының ресми сайтында орналастырылған.
Сондай-ақ аудандық полиция бөлімінің ғимаратында (уақытша ұстау изоляторлары) азаматтарды қабылдауды кезекші прокурорлар жүргізеді. А.ж. 6 айында аудан прокуратурасы 42 азаматқа қатысты жеке қабылдау жүргізсе, оның 20-н аудан прокуроры жеке қабылдаған.
Аудан прокуратурасына азаматтар көп жағдайда әлеуметтік-экономикалық, атқару өндірісі және сотқа дейінгі тергеп-тексеру салаларындағы мәселелер бойынша жүгініп, құқықтық көмек алған.
Бұған қоса, қазіргі уақытта прокуратура басшылығы аумақтағы уәкілетті орган өкілдерімен бірге шалғай ауылдық округтерге шығу арқылы тұрғындармен кездесу, сондай-ақ аудан (облыс) әкімдері өткізетін азаматтарды жеке қабылдауларға қатысуда.
Құрманғазы ауданының прокуратурасы