Қазақстандықтар қандай көліктерді көп сатып алады

(0 Votes)

2019 жылы Қазақстанда 50 447 автокөлік құрастырылды.

Олардың арасында жеңіл және жүк көліктері, автобус техникасы мен арнайы машиналар да бар. Бұл туралы ҚазАқпарат «ҚазАвтоӨнеркәсіп» автокөлік саласындағы кәсіпорындар одағына сілтеме жасап хабарлайды.

Есепті кезеңде Қазақстанда шығарылған көліктердің жалпы құны 359,5 млрд теңгеге бағаланып отыр. Жалпы, жеңіл автомобиль өндіру 46,8 пайызға өсіп, 44 077-ге жетті.

Өткен жылы Қазақстанда шығарылған жеңіл көліктердің арасында сұранысқа ие брендтердің бестігіне Lada (15,1 мың көлік), Hyundai (14,9 мың), KIA (3,7 мың), Ravon (2,9 мың) және Skoda (1,1 мың) енді. Отандық кәсіпорындар ұсынатын маркалардың тізімінде JAC (1 мың), Chevrolet (0,7 мың) пен UAZ (0,5 мың) бар екенін атап өткен жөн. Былтыр 5 315 автомобильді жеңілдікті автонесиелеу мембағдарламасына қатысқандар сатып алды.

inform.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521