Қазақстандықтар 2023 жылы қанша күн демалады?

https://atr.kz
(1 Vote)
Алда қазақстандықтарды 245 жұмыс және 120 демалыс күндері күтіп тұр, деп хабарлайды Stan.kz. 
 
2023 жылы ең көп демалатын күндер қаңтар мен наурызда – 12 күн. Ал ақпан мен қарашада 8 күн демаламыз.
 
2023 жылы мереке күндерінің көп бөлігі аптаның ортасына түсетіндіктен, демалыс күндері өте аз.
 
Ең ұзақ демалыс күндері: Қаңтарда жаңа жылға 3 күн – 1, 2 және 3 қаңтар; наурызда 3 күн – 21, 22 және 23 наурыз;
 
сәуір мен мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне 3 күн – 29, 30 сәуір және 1 мамыр, сондай-ақ Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне 4 күн – 6, 7, 8 және 9 мамыр;
 
шілдеде жұмыс күні сенбіге ауыстырылатындықтан 4 күн демалыс болады – 6, 7, 8 және 9 шілде;
 
желтоқсанда Тәуелсіздік күніне 3 күн – 16, 17 және 18 желтоқсан, өйткені 16 сенбіге сәйкес келеді.
 
2023 жылы Рождество мерекесіне қосымша демалыс берілмейді, өйткені ол сенбі – 7 қаңтарға сәйкес келеді.
 
Егер діни мереке сенбіге немесе жексенбіге сәйкес келсе, демалыс берілмейді. Құрбан айт 2023 жылы 28 маусым, сәрсенбіге келеді.


https://atr.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT