Күні кеше мемлекет басшысы Қазақстан Халқы ассамблеясы сессиясында Контитуциялық өзгерістерге байланысты Ата Заңға енгізілетін толықтырулар мен өзгертулерді жалпыхалықтық референдумға шығару туралы ұсынысын айтты.
Биылғы Жолдауында да жаңа саяси реформалар бағдарламасын ұсынған болатын. Онда реформаларды жүзеге асыру Конституцияға өзгерістер енгізу негізінде болатыны жайлы айқан еді. Елімізді демократияландыру процесі халықтың пікірін елей отырып жүзеге асатын болады. Мемлекетімізде болып жатқан саяси өзгерістерді мемлекеттік басқарудың трансформациясы, қайта құрылуы деп қабылдау қажет. Суперпрезиденттіктен ықпалды парламенті бар президенттікке өту - Бірінші республикадан Екінші республикаға өту дегенді білдіреді. Екінші республиканың негізгі қағидаттары Ата Заңымызға енгізілетін 33 толықтырулар негізінде жүзеге асады. Оның басты бағыттары: Парламенттің нығаюы, жергілікті өзін-өзі басқару органдары өкілетінің кеңеюі, сайлау жүйесінің жаңа үдерісін жүзеге асыру және партиялық жүйені оңтайландыруға бағытталған.
Ең бастысы - фундаменталды адам құқықтарын қорғау мәселелері қарастырылмақ. Мысалы, Ата Заңға енгізілетін 33 өзгеріс негізінде Конституциялық сот пайда болады. Соның негізінде алдағы уақытта заңнамамларға өзгертулер енгізіледі. Нәтижесінде кез-келген Қазақстан азаматы Конституциялық құқығы бұзылған жағдайда аталмыш Конституциялық сотқа жүгіне алады.
Ұлмекен САПАРОВА,
сот саласының ардагері