Қазақстандағы кинотеатрлар жұмысын тоқтатады

(0 Votes)

Коронавирустың таралу қаупіне байланысты ойын-сауық орталықтарындағы кинотеатрлар жұмысын тоқтатады.

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте:

«Сауда орталықтары, соның ішінде базарлар жұмыс істейтін болады. Мемлекет халықты азық-түлікпен қамтамасыз етуі керек. Ойын-сауық орталықтарындағы кинотеатрлар жұмысын тоқтататын болады. Бұл оңай мәселе болған жоқ. Фильм аз дегенде бір сағат көрсетілетінін білесіздер. Ғимарат ішінде көптеген адамның бір уақытта ұзақ болуы көптеген сұрақ туындатты, сол себепті осындай шешім қабылдадық», – дейді Ералы Тоғжанов.

Айта кетейік, ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялауына байланысты сақтық шаралары басталды.

aikyn.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521