Атырау облысының Әділет департаментінің ұйымдастыруымен зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғаудың қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету, халықтың зияткерлік меншік мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру мақсатында, өткізілген "ҚАЗАҚСТАНДА КОНТРАФАКТІГЕ ЖОЛ ЖОҚ" тақырыбында үздік сурет байқауы өткізілді.
Оған Ломоносов мектебінің 10-12 жас балалар аралығында қатысып, жүлделі II, III орындарды 5 "Б" сынып оқушылары Еділбаева Эльсұлу мен Қисымова Аружан жеңіп алса, 13-15 жас аралығында қатысқан 8 "В" сынып оқушысы Лубек Эльназ жүлделі III орынды жеңіп алды.
Жеңімпаздарды М.В. Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Ажғалиева Толқын Қадірбайқызы құттықтап, Құрманғазы ауданаралық Әділет басқармасының басшысы Даргужина Асель Өтемісқызы марапаттады.