Қазақстанда 2020 жылғы демалыс күндері ауыстырылды

(0 Votes)

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді.

Бұл туралы ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Демалыс күндері:

- 2020 жылдың 5 қаңтары жексенбіден 2020 жылғы 3 қаңтар жұмаға;

- 2020 жылдың 11 мамыры дүйсенбіден 2020 жылдың 8 мамыры жұмаға;

- 2020 жылдың 20 желтоқсаны жексенбіден 2020 жылғы 18 желтоқсан жұмаға ауыстырылсын», – делінген қаулы мәтінінде.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дереккөз: 24.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521