Қазақстан халқы наурыз айында қанша күн демалады?

(0 Votes)

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінде үш күн, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамында қатарынан бес күн демалыс беріледі.

2020 жылы наурыз айында қазақстандықтар 13 күн демалады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Қазақстанда наурызда екі ресми мереке аталып өтеді.

Биыл 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, 9 наурыз – дүйсенбі демалыс болады. Осылайша 3 күн қатарынан демалыс беріледі.

21-23 наурызда елімізде үш күн Наурыз мейрамы тойланады. Бұл мерекенің екі күні – 21 және 22 наурыз демалыс күндеріне түсетіндіктен, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 5 күн қатарынан (21-25 наурызда – Sputnik) демалу мүмкіндігіне ие болады.

Сонымен, 1, 14, 15, 28 және 29 наурыздағы барлық демалыс күндерін қоса алғанда қазақстандықтар көктемнің алғашқы айында 13 күн демалады.

sputniknews.kz

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logotype

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

“Серпер” ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгi Ақпарат
комитетінде 2018 жылы 16 мамырда тiркелiп, № 17103-Г куәлiгi берiлген.
Мекенжайымыз: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы,
С.Көшекбаев көшесі, 25 үй.
Индекс 060400.
Байланыс телефоны: +77123321570, +77123321478.


Яндекс.Метрика