«Қазақстан балалары – шексіз әлемде!»

(1 Vote)

«Жастар жылы» аясында аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес оқушылар үйінің базасында «Қазақстан балалары – шексіз әлемде!» балалар кино шығармашылығының аудандық фестивалі өте тартымды және қызықты өтті.

Мақсаты – кино өнеріне деген қызығушылығы жоғары жастардың шығармашылығын шыңдау, рухани мәдениетін қалыптастыру. Аудан мектептері қысқаметражды, деректі, анимациялық фильмдер, «Әлеуметтік жарнама, әлеуметтік ролик» музыкалық клип, видео-арт, «STOP-MOTІON», «Ералаш»-әзіл-сықақ бейнеролигі секілді түрлі жанрларды көрсете білді. Фестивальға қатысушы жасөспірімдер патриоттық тәрбие мен рухани жігерді қалыптастыруда кино өнерінің ықпалы зор екенін білдірді. Оған білім шыңына ұмтылған дарынды жеткіншектердің озат туындылары дәлел болды. Барлық мектеп оқушылары қазіргі заманға сай, жаңашыл ой-қиялдарын ортаға салып, әртістік шеберлігімен ерекше көзге түсті.

Фестиваль қорытындысымен Ломоносов мектебі «Ералаш» әзіл-сықақ бейнеролигінің жеңімпазы атанды, Абай мектебі «STOP-MOTІON» технологиясымен құрылған видео, сюжетті шығарма бойынша үздіктер қатарынан табылды. Бегалиев мектебі – әлеуметтік жарнама, әлеуметтік ролик жеңімпазы атанса, Нұржау мектебі «Бір түп алма ағашы» атты туындысын шебер ойнады. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды.

Қ.Қыдыршаева,

Ломоносов атындағы жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

COVID 19

covid

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Күнтізбе

Бейнебаян жаңалығы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21