Қазақ елінің Ата заңы-ұлттық құндылықтардың сақталуының, рухани жаңғырудың кепілі

(0 Votes)

ҚР Конституциясы-айбынды ел азаматтығының айғағы,Тәуелсіздігінің тірегі,ел бірлігінің қайнар бастауы,еліміздің әрбір азаматының мақтанышы және қорғаны.

Қазақстан Конституциясы-еліміздің ұлттық саяси-құқықтық жүйесінің түпқазығы,мемлекеттілігі мен егемендігінің, елдегі заңдылық пен құқық тәртібінің заңдық негізі,барша заңнама мен құқық қолдану тәжірибесі,бұған қоса еліміздің мемлекеттік –құқықтық қайта жаңғыруы мен даму үрдісі арқа сүйер мықты іргетасы. Ата заңымыз-біртұтас мемлекеттің –құқықтық,берекелі қоғамның,бірлігі жарасқан елдің негізі. Қазақ елінің Конституциясы-ұлттық құндылықтардың сақталуының,рухани жаңғырудың кепілі.

Демек, Конституция –қоғам мен мемлекеттің басты құжаты,бірегей тұғырлы заңнама үлгісі. Ата заңымыз Қазақстанның тәуелсіздігін айқындап, мемлекет пен азаматтық қоғам институттарының қалыптасуы мен бекуінің нық негізін салды. Еркіндік пен тендік сезімдері терең, тарихи, мәдени, рухани дәстүрі бай ежелгі қазақ халқының өзіндік ұлттық даму ерекшеліктері ескерілді. Адам – ардақты ат. Дүние жүзіндегі ең жас конституциямыздың «Адам және Азамат» деп аталатын бөлімі елдің ең асыл қазынасы – адам және оның құқықтары мен бостандығын қорғауға арналған. Атап айтқанда, негізгі заңнын осы бөлімінің баптары адамның құқығы мен бостандығы өмірге келген сәтінен бастап, оған тиесілі екенін және оған ешкімнің қол сұғуына жол берілмейтінін бекітеді.

Нақты айтсақ, ұлты, тегі, түсі, тілі, діні, әлеуметтік жағдайы, саяси көзқарасы бойынша ешкімнің де қуғындалмауы; сөз және шығармашылық еркіндігі; еңбек ету, мамандық таңдау бостандығы; білім алу, отбасы құндылықтарын қорғау, жекеменшігін қорғау құқықтары; жиындарға және шерулерге қатысу, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдарға мүше болу, мемлекеттік басқаруға қатысу, мемлекеттік басқару органдарын сайлау, сайлану және тағы басқа құқықтары халықаралық құқық нормаларына толық сәйкес қорғалады.

Бүгінгі таңда, Конституция – елдегі қоғамдық күштердің шын мәніндегі арақатынасын айқындаушы. Елімізде конституциялық құндылықтардың маңызы азаматтық қоғамның дамып жетілуінің, заңдылық пен құқық тәртібінің жай-күйіне ықпалы зор, оның құқықтық мәдениетінің деңгейіне тікелей байланысты. Бейбіт өмір, тұрақтылық, ынтымақ сынды ұлы құндылықтарға негізделген Атазаңымыз ел бірлігін қамтамасыз етіп, елге ырыс әкеліп, жақсы тұрмысқа кенелтуде.

Бүгінгі еліміз қол жеткізген биік асуларымыз бен жеңістеріміз де – осы Конституцияның жемісі. Демек, 25 жылдығы аталып отырған Атазаңымызды саяси, экономикалық, әлеуметтік жетістіктердің жаңа белесіне құқықтық негіз берген тарихи құжат ретінде құрметтеу әрқайсымыздың міндетіміз.

Басты себеп – еліміздегі жүзеге асып жатқан күллі саяси, экономикалық құқықтық шаралардың осы Атазаңымыз негізінен туындайтыны. Негізгісі – барлық қоғамдық қатынастар тиісінше заңдармен реттелетіндігі. Конституция қағидалары толықтай елімізді демократияландыруға, экономикалық өрлеуге, халықаралық деңгейде өсуге, тұрақтылыққа, ауызбірлікке шақырады. Сондықтан,Конституцияда көрсетілген саяси әлеуметтік-экономикалық және құқықтық міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған мақсаттар тәуелсіздіктің арқасында еңсесін биіктеткен Қазақ елінде қай салада болсын, жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда,саясаты салмақты ,экономикасы еңселі,әлеуметтік жағдайы әлді,халқы тату,қорғанысы бекем,болашағы жарқын,еліміз Ата заңның аясында өркениеті елдермен терезесі тең мемлекеттің азығына айналу жолында Конституция қабылданғаннан бергі кезең ішінде Қазақстан қанатын кеңге жайып,өзінің қуаты мол,нарықтық экономикасы бар демократиялық мемлекет екенін әлемге танытуда. Демек,тәуелсіз Қазақстанның конституциясы мемлекетіміздің одан әрі өркендей беруіне қызмет етуде деп мол сеніммен айта аламыз.

Ақындар жырлағандай:

«Төлқұжатым бек мұратым-Ата заң.

Бізге жеткен мұрадай боп атадан

Ата заңым-бас кітабым,бұлағым.

Ата заңым арожданым,тұрағым.

Ата заңым-шариғатым, шарттарым.

Бағдаршамым,бойға қуат ұраным.

Арқа сүйер Ата заңым тұрғанда

Қазақстан өзіңменен Ұлымын,

Қазақстан биік сенің тұғырың»,-дер едік.

Қ.Қыдыршаева,

М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектеп директорының тәрбие ісінің орынбасары

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521