Азғыр ауылдық округінің Балқұдық ауылы аудан орталығынан 300 шақырымдай алыста жатыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы күні мұндағы №196 сайлау учаскесінде (төрағасы Саяділ Көргенәлиев) 278 сайлаушы дауыс береді. Таңғы 7-де Әнұранымыз ойналып, учаскенің ашылу рәсімі өтті. Ауыл тұрғыны Серікқабыл Нысанбаев алғашқы болып өз таңдауын жасады. Жауапты науқанға сайлаушылар ертемен келіп жатыр.
Қанат ҒҰМАРОВ