Азғырлық кәсіпкерлер азық-түлікті аудан орталығынан тасымалдайды

(0 Votes)

Одан әрі округтегі азық-түлік дүкендері араланды.

Кейбірі аудан орталығынан басшылар келгенін естісе керек, түске дейін ашық тұрса да енді жабылып қалыпты. Ашық тұрғандарының бірінде баға аудандағымен қарар, екіншісінде одан көтеріңкі. Аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектеміров пен аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Н.Төлепов оларға қазіргі жағдайда бағаны тым шарықтатып жібермеу керектігін ескертті. Оларға кейбір тамақтардың шектік бағасы белгіленген кесте табыс етілді.

img_1475

Дүкеншілер Орал мен ортаны жауып тастағанын, Ресейге де шыға алмайтындықтарын, сол себепті азық-түлікті 300 шақырым шалғайдағы аудан орталығынан тасып отырғандарын, үстіне аздап қоспаса шыққан шығынды ақтамайтынын алға тартты. Оның үстіне ауыл тұрғындарынан жаздыртып алған тауарларының ақшасын жинай алмауда. Бұл да біраз сомаға жетіпті. Берген жауабында аудан әкімінің орынбасары Ж.Бектеміров бұл мәселе шешілетінін, аудан орталығындағы көтерме сауда орындары басшыларынан Азғыр өңіріндегі дүкендерге азық-түлікті арзан бағамен босатуды сұрайтындарын айтты.

i

Қ.Ғұмаров

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521