Азғырлық 237 мүгедек атаулы әлеуметтік көмек алды

(0 Votes)

Жаңа нысандағы атаулы әлеметтік көмекті 256 отбасының 1557 мүшесі алды, оларға 49392,4 мың теңге қаржы төленген.

– АӘК-тің шартты ақшалай көмек түріне келсек, алушылар саны -1455, оның ішінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылғандар саны - 52 адам, үлесі 3,6 пайызды құрап отыр. Бұдан басқа аудандық мәслихаттың шешіміне сәйкес, бұрынғы Азғыр полигонымен шектелетін Асан, Азғыр, Сүйіндік ауылдық округтеріне қарасты елді мекендерде тұратын мүгедектерге белгіленген ай сайынғы әлеуметтік көмек бойынша 237 мүгедек жандарға жалпы сомасы 5449,6 мың теңге төленді. Жыл басынан бері мүгедек баласын үйден оқытып отырған 35 отбасына 1115,6 мың, коммуналдық қызметтер үшін 60 алушыға 45340,0 мың теңгенің әлеуметтік көмегі төленді, - деді аудан әкімі Қайрат Нұртаев бізбен әңгімесінде.

Аудан бойынша 22 әлеуметтік қызметкер 86 жалғыз басты қариялар мен мүгедектерге, ал, 14 әлеуметтік қызметкер 49 мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіп отыр.

Айбек Нәжімов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521