Азғырдың айтулы дәрігері еді

(5 Votes)

Рабиға  Ажығалиеваның  арнаулы  білім  алып  еңбек  жолын бастаған  кезі Ұлы Отан  соғысының   басталған  жылымен  сәйкес  келген  болатын.

Жас маман  Рабиға  апамыз Батыс  Қазақстан облысынының  Бисен,  Талап ауылдарында  1942- 1949 жылдары кейіннен  1949- 1955 жылдары   Лабай медициналық  пункттерінің  меңгерушісі, фельдшерлік  жұмыстарда болған.   Соғыс  және  соғыстан кейінгі  жылдарда қазақ  қыздарына  тән  қайсар ( ер)  мінезімен  халықтың  денсаулығын  сақтау  бағытындағы  жұмыста  дәрігер  қыз  ауыл – үйді жаяу  аралап,  әр  адамның  саулығы  үшін қиындыққа  мойымай  еңбек  етті. 1955- 1963 жылдары  Атырау  облысы  Теңіз  ауданы  Азғыр  ауруханасында  бас дәрігер, фельдшер болса,  1963- 1982  жылдары  Балқұдық  ауруханасында  дәрігерлік  жұмысын  абыроймен  атқарды.    Қазіргі  жағдайдағыдай  заманауи  қондырғы, аппараттар   болмаса  да  алдына  келген  науқас адамның  ауруын тауып  емдеп ,  оның  сауығып кетуіне  көмектесетін.  Рабиға  Ажығалиева  бірнеше  жылғы  тәжірибесі  мен  білімінің  арқасында  ел  сыйлаған  білікті  дәрігер  атанды.  Ұжымда  бірге  жұмыс  жасаған    жас мамандарды   кәсіби  маман  болуға  баулыған  тәлімгер де болды.  Ауданның, ауылдың  қоғамдық  өміріне  белсене  араласып  әйелдер  кеңесінің,  халықтық  бақылау  топтары мен  кәсіподақтың   мүшесі болды.  Қиналғанға  көмектесіп,  жылағанды  жұбатты.  Дәрігер  ананың  еңбегі  еленіп,  Еңбек  Қызыл Ту  орденімен, Қазақ ССР-сының  Денсаулық  сақтау  министрлігінің  Құрмет грамотасымен, бірнеше медальдармен марапатталған . Отбасында  үш  қызы  ана  жолын  жалғап  дәрәгер  болды.   Немересі  Дархан  жоғарғы  санатты  дәрігер болса , шөбересі  медициналық  академияның  студенті,  болашақ   дәрігер .   Бұл   әулетте   Рабиға  ана  бастаған  дәрігерлердің  кәсіби  сара  жолы   ұрпақтан – ұрпаққа  жалғасуда. 

Аудандық аналар кеңесі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521