Азғырда Наурыз мерекесі аталып өтті

(0 Votes)

Балқұдық ауылдық клубында, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай "Наурызым - нұрлы ырысым !" атты мерекелік шара өтті.

Мерекелік шарада округ әкімі Жаманкұлов Жасұлан Жаңбырбайұлы ауыл тұрғындарын Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірсе,.Қыдыр ата ролін сомдаған ауыл имамы Ж.Дәрменов, Ұлыстың ұлы күнін жер бетіне жақсылық ұялаған күн, наурыз көк ұшып келген күн, көк құт көзін ашқан күн, тас еріген күн деген сөз оралымдарымен өрнектеп,елге құт-береке тілеп,ақ батасын берді. Шара барысында құда түсу , сырға алу, қыз ұзату салт дәстүрлерін Азғыр ауылдық округі әкім аппараты ұжымы,Балқұдық жалпы орта мектебінің ұжымы "Бесікке салу" көрінісін, Бүлдіршін бөбекжайы ұжымы "Тұсау кесу" көріністерін көрермендерге ұсынды. Тамаша көрініс тер ауыл өнерпаздарының мерекелік бағдарламасымен жалғасын тапты. Балқұдық ауылдық аурухана, Балқұдық ауылдық клубы,кітапхана ұжымдары мерекелік сән-салтанатта киініп, наурыз дастарханын әзірлеп, наурыз көже мен бауырсақтан барша мерекелік шараны тамашалауға келген тұрғындарға ұсынып, дәм татқызды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT