Азғырда қасқыр көбейіп кетті, өрісті қойып үйге де жетті

(0 Votes)

Азғыр ауылдық округінің әкімі Тұрарбек Әліпбаевтың 2019 жылы атқарылған жұмыстары жайлы хабарламасы тыңдалған соң округ тұрғындары, ардагерлер кеңесінің төрағасы Жүсіп Жәбелов, аудандық мәслихаттың депутаты Мансур Қуаншәлиев, Нұрғаным Нұрышева, Үміт Хамидуллина, Жансейіт Садихов және басқалары ауыз сумен қамтуға, қоқыс шығаратын тракторды, ауыз су таситын көлікті пайдалануға, округке түсетін 4 түрлі салықтың жұмсалуына, тұрғын үйлерге газ тартуға, пошта жұмысын жолға қоюға, бизнеске, атаулы әлеуметтік көмекке және т.б. қатысты мәселелерді қозғады.

img_9153

img_9154

Оларға аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Жасұлан Сүндетов, «Атыраусушар» мекемесі аудандық филиалының басшысы Нұрлан Атаев, «Атырау-Жарық» АҚ аудандық филиалының өкілі Игорь Чаплыгин, «Қазтрансгазаймақ», «Қазақтелеком» АҚ аудандық филиалының басшылары Рүстем Нәсиболлаев, Нұрбол Мағазов, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Базарбай Өтеулиев, аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Марат Хасанов жауап қайтарды.

img_9170

Қоңыртерек ауылының тұрғыны Нұрғаным Нұрышева: –Ауыл тұрғындары малмен отыр. Соңғы кезде қасқыр көбейіп кетті, тіпті үйге кіруі жақын. Әр отбасында қазірдің өзінде аз дегенде 7, көп дегенде 20-30 бас малдан шығын бар. Бұлай жалғасса күн көре алмай қалуымыз мүмкін. «Нива» және «Уаз» көліктерімен оны қуа алмайды, мотоцикл қажет. Сол жердегі азаматтардан ұйымдастырасыздар ма, әлде аңшы жібересіздер ме осыны шешсеңіздер екен, - деді.

img_9188

Аудан әкімі Қайрат Талапұлы: – Қасқырға былтыр лимит дұрыс берілмеген. Тендерді жеңіп алған «Аманат» деген мекеме 30 қасқырды 10 адамға 3-еуден бөлген. Артық атса өткізе алмайды. Бөлінген адамдардың ішіне аңшылықпен айналыспайтындар да кірген. Соған байланысты инспекциямен бірге жұмыстанып жатырмыз. Алға қарай лимитті дұрыс бөлеміз, - деді.

img_9191

Азғыр ауылдық округі әкімінің есеп беру жиынының соңында аудан әкімі Қ.Нұртаев қаржы және ауыл шаруашылығының ардагерлері Светлана Хайруллинаға, Асқар Дәулетияровқа Құрманғазы ауданының Құрмет грамотасын, аудандық емхана бөлімінің меңгерушісі Жарқын Әбілхайыров медбике Гүлбаршын Болатоваға салалық министрліктің Құрмет грамотасын табыс етті.

img_9195

img_9198

img_9199

Жиыннан кейін аудан басшысы, аудан прокуроры тұрғындарды қабылдады.

Қ.ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521