Азғыр ұялы байланысқа шығады

(1 Vote)

Сонау Одақ тұсында талай ядролық сынақтарды басынан өткізген, бұйығып жатқан Азғыр ауылы да Тәуелсіздіктің жемісін татуда.

Әлі де еңсесін тіктеп кетпегенімен, мұнда да өркениет игілігі бар деуге болады. Ол жақында ғана «KCELL» ұялы байланыс операторы орнатқан 40 метрлік мұнара. Сол арқылы 3G байланысы қосылады. Демек, Азғырда тұрып еліміздің кез-келген нүктесімен ұялы байланыс арқылы хабарласа аласыз. Батыс өңірлік телекоммуникациялар дирекциясы Атырау жергілікті желілердің техникалық торабы Құрманғазы желілік технологиялар учаскесінің басшысы Нұрбол Мағазов ұялы байланыспен қамту туралы айтып өткен соң, аудан әкімі Қайрат Нұртаев облыс орталығына шығып, видеочат арқылы сөйлесіп көрді. Облысқа барып тұр. Асан ауылында аудан басшысы бастаған топты ауыл тұрғындары қарсылады. Округтің қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Серік Сариев:

– Тәуелсіздікке дейін 70 жыл бодан ел болғанымызда біздің сөзімізді сөйлетпеді. Бір шетте жатырған елеусіз ауыл едік. Бар-жоғымызға ешкім көңіл аудармайтын. Тек берген тапсырманы орындауды ғана сұрайтын. Бізге үнемі қамқорлық жасап отырған Мемлекет басшысына, аудандағы, облыстағы лауазымды қызмет иелеріне ризашылығымыз шексіз. Кезінде біз: «Мектеп салып беріңдер», дедік. Қазір округімізде екі бірдей білім ордасы бар. «Су керек», дедік, ол да келді. Бүгінде ауылда газге қосылмаған шамалы ғана үй қалды. Сіз ауданға басшы болып келгеннен бері біраз шаруа тындырдыңыз. Оны біз «Серпер» газетінен оқып, біліп жатырмыз. Енді жолымызды жөндесеңіздер жақсы болар еді, - деді.

Ақсақалға жауап қайтарған соң аудан әкімі Қайрат Талапұлы:

– Әзірге сіздерге «KCELL» ұялы байланыс операторының шағын мұнарасын қондырып жатырмыз. Ол 3 шақырым жерді қамтиды. Балалар онлайн оқи алады. Алға қарай 62 метрлігін әкелуді шешеміз. Оны кәсіпкерлермен бірлесіп орындаймыз. Егер бұл бюджет арқылы жасалатын жұмыс болса баяғыда орнатар едік. Сіздер айтып отырған Үштаған ауылын құм басу мәселесімен айналысудамыз. Құмды сексеуіл егіп тоқтату жолдарын қарастырудамыз. Оны үш кезекпен егеміз, - дей келе, ауыл тұрғындарына ауыз суды үйге тартып алуды айта жүруді тапсырды.

Аудан әкімі Қ.Нұртаев Азғырға сапары барысында қасына ерген бөлімдер, мекемелер басшыларымен бірге өңірдегі әлеуметтік нысандардың жай-күйімен, шешімін күткен мәселелерімен, қысқа дайындығымен танысты.

0ebdcc15-0edf-45a5-80ea-8f1088675e6a

Қанат ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521