Азғырға ауыз су тартылуда

(0 Votes)

Құрманғазы ауданының әкімі Қайрат Нұртаевпен сұбаттасқанымызда күні бүгін аудан бойынша ауыз сумен қамту көрсеткіші 87,7 % құрап отырғанын жеткізді.

Сонымен қатар Азғыр өнірінде орналасқан ұңғымалардың су қорын ұлғайту бағытында, 6 ұңғыма қазу үшін жобалау сметалық құжаттамасы жасақталған. Бұл ұңғымалар арқылы Азғыр өңірінің елді мекендерін сумен қамтамасыз ету мақсатында Сүйіндік-Асан-Үштаған ауылдарына магистральды су құбыры жүйесінің құрылыс жұмыстары басталған.

Күні бүгін Сүйіндіктен Үштағанға дейін жүргізілетін 103 шақырым су желісінің 67 шақырымы тартылған.

Аяқталу мерзімі 2021 жылдың І тоқсанына жоспарланып отыр. Магистральды су желісіне қосу үшін Асан, Үштаған ауылдарында поселкеішілік су құбырының құрылысы жүргізілуде. Аяқталу мерзімі 2020 жыл деп белгіленген.

Айбек Нәжімов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521