Атырауда «Жұмекен Нәжімеденов оқулары» байқауының облыстық кезеңі өтті.
2016 жылы бастау алған дәстүрлі байқауда облыстың түкпір-түкпірінен келген 8 - 11 сынып оқушылары бақ сынады. Оны облыстық таланттарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырды. Байқау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні авторларының бірі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, қазақтың көрнекті ақыны Жұмекен Нәжімеденовтің әдеби мұрасы мен шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған. Байқауға ауданның және қалалық кезеңнің жеңімпаздары қатысты.
Сайыс мәнерлеп оқу, дастандарды жатқа айту, сурет салу сынды үш бағыттан тұрды. 27 қатысушының арасынан Б.Бегәлиев атындағы жалпы орта мектептің оқушысы Аяулым Қисар жүлделі 2 орыннан көрінді.
Оқушыны сайысқа дайындаған мектеп мұғалімі Мәрия Қиюазова. Айнагүл Күнұзаққызы