Аяласаң, табиғатты аяла!

(0 Votes)

«Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты жер 17 595 гектарды құрайды. Оның ішінде 1047 га орманды алқабы, 276 га – орман екпесі, қалғаны шабындық, қамыс, қоғалы көлдерден тұрады. Орман қоры 13 айналым, 64 орамға бөлініп, сол учаскелерде 13 орманшы қориды.

Біздің мамандар жылма-жыл орманды күзету, қорғау, оның өсімін молайту мақсатында жас ағаш көшеттерін отырғызып, олардың өсіп-жетілуіне қажетті күтім жұмыстарын жүргізеді. Орман мекеме, кәсіпорындар басшыларымен, ауылдық округтермен келісе отырып, арнайы шаралар жасақталды. Қиғаш өзені бойындағы балықшылармен міндеттемелер толтырып, көптеген түсінік жұмыстары өткізілді. Солай бола тұрса да орман өрті толастамауда. 
Өрт қаупі бар мезгілдерде оған жол бермеу үшін қауіпсіздік талаптары мен санитарлық ережелерді сақтаңыз: 

Орманда темекінің күлін тастамаңыз, 

Қазан-ошақ айналасынан ені – 0,5 метрден кем емес шұңқыр қазылуы тиіс, 

–Қоқыстарды шашпай жинап, санитарлық тазалық сақтау. 

Шаруа қожалықтары мен кәсіпорындар, шаруашылықтар жерді рұқсатсыз өртеуге болмайтынын ескергендері жөн. 

Көктем-жаз айларында өрт қаупінің өршитін кезі, «өрт – тілсіз жау» деп бекер айтылмаған. 

Ең бастысы, өрт адам өміріне қауіпті болса, екінші жағынан табиғатқа зиян келтіреді. Орманды болашақ ұрпаққа сақтау орманшылардың ғана емес, барша азаматтардың ісі екендігін ұмытпайық. Жасыл желекті алқаптың көркеюіне өз үлесімізді қоса отырып, табиғатты бағалай білейік. 


Г.Габдуллина, 
Құрманғазы орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің орман пайдалану инженері

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT