Аяқ добынан қайырымдылық жарысы

(0 Votes)

«Құрманғазы қайырымдылық қоры» мен «Сафон Иман жастары» тобы бірлесіп, Шортанбай ауылының спорт кешенінде кіші аяқ добынан қайырымдылық жарысын ұйымдастырды.

Жарысқа Бірлік, Амангелді, Сафон, Байда, Шортанбай, Дыңғызыл ауылдарының командалары қатысты. Алты сағатқа созылған ойын, өте қызықты әрі тартысқа толы болды. Ойын нәтижесінде І орын Амангелді ауылына тиді. ІІ және ІІІ орындар Шортанбай, Байда ауылдарының командаларына бұйырды.

Жеңімпаздар «ҚҚҚ» атынан кубок, медаль және алғыс хаттарымен марапатталды. Шараға жиналған халық пен ойынға қатысушылардың арқасында қайырымдылық жәшігіне 37830 теңге жиналды.

Осы шараның өз дәрежесінде өтуіне «Сафон иман жастары» тобы, Еркебұлан Өтебаев, Шортанбай спорт кешенінің (ФОК) басшысы Ғалымжан Өтешкалиев бастаған ұжым белсене араласты.

Қ. ҒҰМАРОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521