Автокөліктердегі өрт оқиғаларының алдын алу бойынша рейдтік шаралар

(2 Votes)

Автокөліктердегі өрттердің жиілеуіне және олардың алдын алу мақсатында, ағымдағы жылдың 04 тамыз күні Құрманғазы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері а/қ лейтенанты Е. Габдулмажитов пен №7 ӨСБ-нің қызметкерлері және аудандық полиция бөлімінің жол-патрульдік қызметінің қызметкерлерімен бірлескен түрде автокөліктердегі өрт қауіпсіздігі бойынша рейдтік шаралар жүргізді.

Автокөліктердегі рейд барысында автокөлік жүргізушілерімен көліктердегі өрт қауіпсіздігі шаралары тақырыбында нұсқама жүргізіліп,өрт сөндіру құралын қолдану тәртібі көрсетілді. Сондай-ақ автокөлікте өрт болған жағдайдағы іс-әрекеттердің реті түсіндіріліп, көлік құралдарындағы өрттердің негізгі себептері жеткізілді. Өрт қауіпсіздігі тақырыбында жаднамалар ұсынылды.

Жол-патрульдік полициясының қызметкерлері көліктердің өрт сөндіргіш құралдармен жабдықталуын тексерді.

Автокөліктерде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзып, көлік құралдарын басқарған кезде Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 589-бабының 1-тармағымен бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатыны ескертілді.

Әр автокөлік иесінің жеке көлігінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау жоғары жауапкершілігі ғана мен өрттің шығу мүмкіндігін шектейді. Автокөліктерді жөндеу және техникалық күтім көрсету жұмыстары көліктің қозғалтқыш бөлігі ажыратылған күйінде жүргізілуі тиіс. Алғашқы өрт сөндіру құралы-автокөлік жиынтығының ажырамас бөлігі. Ол сенімді әрі жарамды болуы керек.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT