Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі

(0 Votes)

Көп жүргізушілер жеңіл көліктерін сыйымдылығы 1 литрге дейінгі аэрозольды өрт сөндіру құралымен жабдықтауды жөн көріп, өз өмірін және автокөлігін тәуекелге тігеді.

Бірнеше жылғы тәжірибе нәтижесінде қауіп кезінде бұл өрт сөндіргіш құралдарының көмегі тимейтіні дәлелденген. Екі литрлік балонды көлікке салып қою аздық етеді. Өрт сөндіру құралы жүргізушінің қасында болуы тиіс.

Дегенмен, өрт шықты делік. Көліктің жылдамдығын ұлғайту арқылы жалынды сөндіруге тырыспаңыз. Тез арада жолдың жиегіне шығыңыз. Тоқтаған соң от алдыру құрылғысын сөндіріп, көлікті қол тежеуішке қойып, құжаттарды алуды ұмытпаңыз. Ең алдымен тұтанған жанар майды сөндіруден бастаңыз. Шешімді тез қабылдаңыз. Капотты ашқан кезде қолыңызды күйіктен қорғау үшін шүберекпен немесе сыртқы киіммен орап алыңыз, бетіңізді бұрып, алшақ ұстаңыз. Жалын жанар май багына жеткен жағдайда, жарылыстың құрбаны болмас үшін тез арада қауіпсіз қашықтыққа қарай жүгіру керек.

Құрметті аудан тұрғындары, естеріңізде болсын, өртті сөндіргеннен, оның алдын алған жеңіл.

Қ.Алмабек,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521