Автокөліктегі өрт қауіпсіздігі

(0 Votes)

Жылдамдықты ұлғайту және көлік ағынының қозғалыс қарқандылығы жол-көлік апатының туындауына, едәуір материалдық шығын және адам өліміне әкеп соқтырады.

Автокөліктердің пайдалану тиімділігін арттыру оның қауіпсіздік жағдайын қамтамасыз етуге тікелей байланысты. Автокөліктерді пайдаланудағы қауіпсіздікті арттырудың ең маңызды элементтерінің бірі – оның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Автокөліктерде болған өрттердің салдары ауыр апаттарға, адам өлімімен техникалардың істен шығуына әкеліп соғады.

Көліктегі өрт байқаусызда басталуымен қауіпті және бұл туралы өрт пен түтін иісі сезілген кезде белгілі болады. Өрттің машина ішінде таралуының көптеген себептері бар. Оның таралуының негізгі себептері - электр сымдарының қысқа тұйықталуы және матор бөлігіндегі электр жабдықтарының ақаулығы. Әсіресе жабық оқшауланған сымдар арасында болатын ұшқындар қауіпті болып табылады.

Көлік құралдарындағы өрт кенеттен қозғалыс кезінде немесе тұрақ кезінде, қозғалытқышты іске қосу кезінде пайда болуы мүмкін. Өрттің тұтанып басталуы бірнеше секунд ішінде орын алады. Егер көлік құралдарының техникалық жағдайын үнемі қадағалап отыратын болса көліктегі өрттердің пайда болуына алдын алуға және азайтуға болады. Әрбір көлік құралын өрт сөндіргіш жарақтарымен қамтамасыз ету қажет. Әрбір көлікте ұнтақты немесе көмір қышқыл өрт сөндіргіш болуы тиіс.

Өрт оқиғасы болған жағдайда, жүргізуші тез арада автокөлікті тоқтатып, қоғалтқышты өшіріп, аккумулятордың батареясын ажыратып, жолаушыларды қауіпсіз жерге көшірген соң, телефон арқылы 101 немесе 112 нөміріне хабарлап сол арада өрттің алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіруге шаралар қолдану керек. Өр қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау - әркімнің міндеті мен борышы.

Н. Жумадияров,

Құрманғазы ауданы №7 ӨСБ-нің бөлімше командирі азаматтық қорғау аға сержанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521