Автобустардың оқушыларды тасымалдауға дайындығы тексерілді

(0 Votes)

Қазақстан Республикасының ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, ағымдағы жылдың 18-20 қараша күндері аралығында аудан көлемінде «Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Осыған орай, балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және балалардың көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріп-тұруына байланысты жалпы білім беретін мекемелердің автобустарының оқушыларды тасымалдауға дайындығы тексерілді. Аудан бойынша білім беру мекемелерінің барлығы 14 оқушыларды тасымалдауға арналған автобустары бар. Құрманғазы АПБ әкімшілік полиция бөлімшесінің аға мемлекеттік автоинспекторының ұсынысымен 6 автобус және 3 газель автокөліктері балаларды тасымалдауға бейімделіп қайта жабдықтаудан өткізілді.

bala-tasymaly1

Тексеріс барысында анықталған кемшіліктерге сай 3 жүргізушіге әкімшілік хаттама толтырылды.

Құрманғазы аудандық полиция бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521