Ауыз судың сапасына санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

(0 Votes)

Су –  ауадан кейінгі ағза үшін ең қажетті компонент. Сондықтан күнделікті өмірде пайдаланып отырған суымыздың санитариялық қағидаларына сәйкес болуы қажет.

Аудан халқының 96,8%  орталықтандырылған ауыз сумен, 2,8% жер асты ауыз су құдығы суымен, ал қалған 0,2%-і тасымалды ауыз су құбыры суымен қамтылған. Бүгінде санитариялық қадағалаудағы 23 су тазарту қондырғыларына меморандум бойынша ағымдағы жылдың микробиологиялық зертханаға алынған 260 су сынамасының 4-і (1,5%) ЖМС,ЖКБ, коли-фаг көрсеткіштері бойынша сәйкессіздік анықталса, химиялық зертханаға алынған 260 су сынамасының 4-і (1,50%) түсі, лайлылығы, хлор қалдығы  көрсеткіштері  бойынша сәйкессіздік анықталды. Аталмыш сынамалардың себептері анықталып, су тазарту қондырғыларында желілерді жуу-тазалау,дезинфекциялау жұмыстары жасалып, аудан әкімшілігіне 14  хабарлама, білдірмелер  берілді.

Су тазарту қондырғыларында судың сапасына өндірістік бақылауды ҚР ДСМ СЭБК «ҰСО ШЖҚ» РМК Атырау облысы бойынша филиалының Құрманғазы  аудандық  бөлімшесі жүргізуде.

 

Б.Абилова,

аудандық санитарлық эпидемиологиялық

бақылау басқармасының жетекші маманы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521