Ауыз суды қайнатып ішіңіз!

(0 Votes)

«28 қазан күні Ресей Федерациясы Волгоград облысы Ворошилов ауданында кәріздік жүйедегі орын алған апаттың салдарынан лас қалдықтар Еділ өзеніне құйылғанынан ақпарат көздері арқылы хабардармыз.

Ресей бізбен іргелес ел, орын алған жағдайды Қазақстанға неге дер кезінде ескертпеген? Шора өзені де Еділдің бір саласы! Лас қалдықтар оған да шығады емес пе? Пайдаланып жүрген ауыз суымыздың бүгінгі жағдайы қалай? Соған алаңдап отырмыз. Осы жөнінде «Serper» басылымы ауыз судың сапасын қадағалайтын құзырлы органдармен сөйлесіп, жауабын берсе дейміз»

Бауыржан Ақбанов, мемлекеттік қызметтің ардагері, Бірлік ауылы.

 – Біз Ресеймен шекаралас елді мекендер Қиғаш, Шортанбай, Көптоғай, Жыланды, Әліпов, Құрманғазы, Афанасьев су тазарту қондырғыларынан, Қиғаш өзенінің Көптоғай, Шортанбай, Бөкейхан,Қиғаш, Жыланды, Шора өзенінің Құрманғазы, Нұржау елді мекендеріндегі тұстарынан микробиологиялық, химиялық, паразитологиялық, вирусологиялық зертханаларға сынамаларды күн сайын алып отырмыз. Алынған су сынамалары Атырау қаласындағы вирусологиялық зертханаға жолданып, нәтижесі бізге жіберіледі. Күдік тудырып, дабыл қағатындай жағдай орын алған жоқ. Су таза, пайдалануға болады. Бірақ, қайнатып ішуді ұсынамыз.

Гауһар Тоғаева,

Құрманғазы аудандық санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының басшысы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT