Қауын шыбыны – бақша егістігіне, әсіресе, қауын дақылына залалын көптеп тигізеді. Зерттеулерге сүйенсек, өйткені бұл жәндік қауынмен қоректенгенді жақсы көреді.
Даму кезеңдерінде өте зиянды. Жұмыртқаларын қауынның түйнектеріне салады да, дернәсілдер оның шырынынан нәр алады. Жас өскіндердің қабығын зақымдайды, өсе келе ол орындар байқалмай кетеді. Қауынға енген шыбын жұмыртқалары 10-15 күнде оның шіріндісімен, не өзегімен қоректеніп, дернәсілдер сыртқы топырақтың 4-5 сантиметр беткі қабатына түсіп, қуыршаққа айналады. Жыл ішінде екі-үш ұрпақ береді, соңғылары топырық астында 15-20 см тереңдікте қыстап шығады. Көктемде топырақ 20 градусқа жылығанда қозғалысқа енеді.
Қауын шыбыны негізінен таңертеңгі мезгілде өте белсенді болады. Өмір сүру ұзақтығы 2 айдан астам болады. Ұшып шыққаннан 6-8 тәулікте аналық шыбындар жемістердің қабығының астына бір-бірден жұмыртқа салады. Ересегі 6-7 мм шамасында болады. Арқасында айқын қара таңбасы, қанатында үш сары жолағы бар. V- тәрізді болатын сарғыш жәндік.
Көкөніс, бау-бақша дақылдарын өсіретін егін өсірумен айналысатындар өнімдерін саттыққа шығармас бұрын фитосанитарлық және карантиндік тексеруден өткізіп алулары қажет екендігін қаперлеріңізге беремін. Бұл талаптар орындалмаған жағдайда ҚР заңдылықтары бойынша айыппұл салынады.
С.МИНАЖОВА,
аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы