«Ауылының бір уыс топырағы бұйырмаған»

(5 Votes)

Қанша уақыт өтсе де халық зердесінде мәңгі сақталатын күндер мен оқиғалар болады.

Сондай күндердің бірі – Ұлы Отан соғысы мен 9 мамыр фашист басқыншыларын тізе бүктірген тарихи Жеңіс күні. Ол күндердің әрқайсысы ерлікке толы, мәңгілік өшпестей болып жүректерге жазылған. Ал жүректерге жазылған дүние ешқандай өшіруге келмейді.

Қазақстан жерінде құрылған әскери бөлімдерде және басқа да әскери құрамаларда атыраулық жауынгерлер де болды. Жауды талқандау ісіне олар да лайықты үлесін қосты. Алайда, Жеңіс бізге оңай келген жоқ. Құрбандығымызға сан жетпейді. Сол соғыс ойранын салмаған, отына шырпылмаған отбасы некен-саяқ. Ана төл перзентінен, ару асыл жарынан, бала аяулы әкесінен мәңгілікке айырылып, қара жамылып қалды. Бүгінгі ұрпақ осынау ержүрек ерлердің алдында мәңгілікке қарыздар.

img-20210709-wa0007

Байтақ елдің бір шетіне жау тұтқиылдан шабул жасап, соғыс өрті тұтанған тұста қан майданға аттанып, туған елінен жырақта ажал құшқандар қаншама десеңізші? Теңіз аудандық әскери комиссариаты арқылы әскер қатарына шақырылып, 1943 жылы хабарсыз кеткен Жумажанов Сатқан да туған жердің топырағы бұйырмаған мың сан боздақтардың бірі еді. Күні кешеге дейін әскерге кеткен сол кездегі сарбазымыз із-түзсіз жоғалғандардың санатында келді. Тума-туыстары қаншама рет іздеу салғанымен бір дерегі шықпады. Алайда, Абдолкерей ағамыздың ғаламтор арқылы үзбей іздестіру жұмысының арқасында майдангердің денесі РФ, Смоленск облысы, Руднянский ауданы, Растопы деревнясындағы бауырластар зиратында жерленгені анықталды. Марқұмның туысы Абдолкерей ағамыз Ресей еліне сапар шегіп, 76 жылдан кейін атамыздың мәңгілік дамыл тапқан орнында болды. Туған жерден бір уыс топырақ апарып, Құран оқытып тағзым етіп қайтты. Бауырластар зираты жергілікті тұрғындармен күтімге алынып, іздеп келушілер үшін бар көмектерін жасауға даяр тұратын пейілдеріне көңілдері толғанын жеткізді. Атасына деген сартап сағынышын бір уыс топыраққа сыйдырып, аманатын орындап қайтты.

Майдангер ағаларымыздың ерлік істері бізге әр уақытта өшпес үлгі-өнеге, ұлағатты тәрбие мектебі. Біз ол аталарымыздан туған халқына ақырғы деміне дейін қалтықсыз қызмет жасауды үйренеміз. Ендеше бүгінгі ұрпақ емес, болашақ ұрпқта бабалар аруағына сыйынып, олардың өмір жолын, ерлігін, адалдығы мен әділдігін ғибрат тұтатын болады. Ылайымда біздің қасиетті бабалар, аталар, әкелер аруағы желеп-жебей жүргей! Ешкім де, еш уақытта ұмытылмайды.

Әскерден тыс даярлық жөніндегі инспекторы А.Шарипов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT