Құрметті жерлестер!
Күні кеше ауданымыздың орталығы, Шарон өзені бойына тұрғындарымыздың кешкі серуенін, демалысын мейілінше қолайлы ету мақсатында орындықтар мен қоқысқа арналған қондырғылар орнатылған болатын.
Бұл тапсырмалар , 17 шілде күні өзімнің тарапымнан округ әкімі Абдуррахман Мусаға беріліп, 18 шілде күні орындалған еді.
Ал, енді, бүгін көргеніміздей, қоқыс салатын жәшіктің біреуін белгісіз адамдар қолды қылған, алайда аудандық полиция бөлімінің мамандарының қырағылығымен қоқыс салатын жәшік орнына қайтарылды.
Ардақты ағайын!
Ауданымызда жасалатын әр игі іс ең бірінші кезекте Сіздердің жағдайларыңыздың жақсаруына бағытталады. Қондырылған дүние-мүлікке ұқыпты қарап, оны күтіп-ұстау алдымен әр тұрғынның өзіне байланысты.
Ауылымыздың көркеюі Сіз бен біз болып біріге атқаратын оң бастамалардан басталады. Сіздерден бұндай істе салғырттық танытпай, әр мүлікке жауапты қарап, күтіп ұстауларыңыз сұралады.
Құрметпен, аудан әкімі Абат Сайфоллаұлы Жангалиев