Ауылыңның абыройын ойласаң...

(0 Votes)

Қиғаш өзенінің көрікті жерінен орын тепкен ауылымыз біз ес білгеннен бері азамат соғысының батыры, қызыл комиссар Кузьма Иванович Кудряшовтың есімімен аталады.

Әрине, өлкемізде Кеңес үкіметін орнатуда бұл тұлғаның ерлігі мен еңбегін жоққа шығармаймыз. Алайда, «Елу жылда ел жаңа» дегендей, Қазақстанымыз егемендігін алып, тәуелізсіз ел атанған тұста бұрынғы коммунистік идеологияның сарқыншағынан арылмай, әлі күнге дәріптеумен келе жатқанымыз  кім-кімге де оғаш көрінері сөзсіз. Осы ретте ауылымыздың атауын қазақшалайтын уақыт жетті деп ойлаймын.

Тұңғыш Президентіміз - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің әйгілі «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында да «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» дегені санамызға сілкініс әкеліп көптен бері біраз ауылдасты толғандырып жүрген еді. Күні кешелері өткен қоғамдастық мүшелері қатысқан тұрғындар жиынында ауылды қайта атау турасында үш-төрт пікір түсіп, талқыға салынды. Әркім өз ойын білдірген жиында көпшіліктің шешімі ауылды да, тұтастай округті де Шайхы Әбішевтің есімімен атау болды.

Менің өз пікірім Кудряшов ауылының және Кудряшов ауылдық округінің орысша атауын өзгерту қажет. Берілетін жаңа атау қазақша болу керек және  ол ауылдың тұрғындарына, әсіресе, жас ұрпақ санасында ұлттық патриотизімді қалыптастыруға қызмет етуі тиіс. Осыны ескере отырып ауыл атауын және ауылдық округ атауын жастайыннан балық шаруашылығына араласып, осы жердегі жергілікті халыққа еңбегі сіңген, қатардағы балықшыдан халық комиссарына дейін көтерілген Шайхы атамыздың есімі лайық деп ойлаймын.  Кезінде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, қоғам және мемлекет қайраткері болған. Елеулі еңбегі үшін Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, Ленин ордені, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған осы жерде кіндігі кесілген Шайхы Әбішев атамыздың атауын беруге баршаңызды қолдауға шақырамын.

 

С.РАМАЗАНОВ,

Кудряшов ауылдық округі

ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521