Ауылы азаматын ардақтады

(0 Votes)

С.Көшекбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Құрмет» орденінің иегері, Атырау облысының және Құрманғазы ауданының «Құрметті азаматы», ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, профессор, академик, «Құрманғазы» өндірістік кооперативінің басқарма төрағасы Сұлтанов Сабыржан Қыдырсихұлының мерейтойына орай «Арда туған азамат 60 жаста» атты мерейтойлық кеш ұйымдастырылды.

Салтанат туған жерін түлетуге еселі еңбегін арнаған мерейгер мен оның жұбайы Зоя Шапхатқызына құрмет көрсетумен бастылды. Ел ағасы Өмірзақ Қажымғалиұлы ізбасар інісіне бір топ азаматтар атынан бір сәйгүлік мінгізсе, ұжымдастары аса құрметпен той иелеріне ер қанаты  ат пен ақ түйе тарту етті.

Мерейгердің мәртебесін биіктеткен кеште құттықтау сөз арнаған аудан әкімі Абат Жанғалиев пен оның орынбасары Амангелді Мұратов Сабыржан Қыдырсихұлына тілек хатын табыстап, иығына шапан жапты. Осындай құрмет жанындағы жарына да көрсетілді.

Аудандық мәслихат төрағасы Гүлжанат Қалиева да ізгі тілегін білдіріп, облыстық мәслихаттың төрағасы М.Хайруллиевтің құттықтауын жеткізді.

 

Атыраудан ат арытып жеткен халық қалаулылары атынан сөз алған облыстық мәслихаттың бірнеше шақырылымының депутаты Өмірзақ Зинуллин алпыс жасқа толған арда азаматтың атына небір жақсы сөздер айтып, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы М.Әшімбаевтың құттықтау хатын табыстады. Академик-жазушы Өмірзақ Қажымғалиұлы  тілегін небір шұрайлы сөздермен кестелесе, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Болат Бралиев осы мейтой иелеріне өлең сөздермен өрілген құттықтауды оқып берді.

Келесі кезектерде ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы Қосыбек Ырзағалиев, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ректоры Саламат Идрисов, облыстық ауылшаруашылығы қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Жұмазиея Есімова, республикалық етті-майлы қой палатасының төрағасы Наржан Жұмаділдаев, ауыл шаруашылығы саласының ардагері Елемес Абдошев, дыңғызылдықтар және ұжымдастар атынан Оралбай Азимов, Меңжан Меңдешов, Серік Тәженов, Алтын Абуева тілектерін білдірді. 

Әр сөйлеушілердің сөзі ән-күмен әрленіп, мерейгердің разылық білдірген тілегімен тәмамдалды.

Айбек МЕЙІРМАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT