Ауылішілік жол құрылысы биыл аяқталмақ

(0 Votes)

Нұржау ауылдық округінің әкімі Мұрабек Мұғалім өткен жылы атқарылған жұмыстар мен биылғы жоспарлар туралы онлайн режимінде өткен қорытынды есебінде айтты.

Нұржау ауылына кірме және ауылішілік автомобиль жолдарын (10км) тротуарымен қоса қайта жаңғырту жұмыстарын басталды, мердігер мекеме «Атырау Жолдары» ЖШС-гі құрылыс жұмыстарын жүргізуде. Қазіргі уақытта жолдың жер төсемелері негіздерінің 2,8 шақырымына топырақ (ПГС) төселді. 3,3 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынып, оның 1,5 шақырымына асфальт төселді. Құрылыс жұмыстары жалғасуда. Жол құрылысының аяқталу мерзімі – 2021 жыл деп жоспарланып отыр.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Нұржау ауылының М.Наурызбаев, С.Ақботин көшелеріне 21 дана LED жарық шамдары орнатылды.

Сенім жәшігіне келіп түскен сұрақтарға тоқталсақ, Жамбыл ауылының тұрғыны Тұрар Ерғалиев көшелерді жарықтандыру мәселесін қозғаса, нұржаулық зейнеткер Ғалым Айтжанов салынып жатқан ауылішілік жол құрылысы қашан аяқталатынын сұраған. Жамбыл ауылының тұрғыны Ерғанат Ниғыметов Әлислан елді мекенінен Жамбыл ауылындағы мектепке 10 бала қатынайтынын, ауа райының қолайсыз күндері асфальттің биік болуына байланысты жолға шығу оларға қиындық тудырып келетінін айтып, көпірдің екі жағынан ыңғайлы етіп баспа орнатуды ұсыныс етіп отыр. Сонымен қатар, Құрманғазы-Теңіз арасындағы тас жол пайдалануға берілгенін, ал Жамбыл ауылына дейінгі айналма жол сын көтермейтінін алға тартып, бұл аралықты да ашудың мүмкіндігін қарастыруды сұраған. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай онлайн режимде өткізілген есепті кездесуде нұржаулықтар белсенділік танытты. Тікелей эфир арқылы спорт кешенін салу, ауылдағы қоқыс алаңын ауыстыру, меткептің акт залының орындықтарын ауыстыру, жазғы футбол алаңын салу, зираттарды қоршау, дәрігерді тұрақтандыру, жедел-жәрдем көлігімен қамтамасыз ету бағытында сауалдар мен ұсыныстарын ортаға салды.

- «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан Нұржаудағы ауылішілік жол салу жұмыстары биыл аяқталады жоспарлануда. «Құрманғазы-Бірлік» автомобиль жолының құрылысы 2020 жылы тәмамдалуы тиіс еді. Қаржының толық бөлінбеуіне және елдегі пандемиялық ахуалға орай бұл жұмыс кейінге шегерілді. Осы жылы аталған тас жол тұрғындар игілігіне берілетінін қаперлеріңізге беремін. Көпірдің екі жағынан баспа шығару осы жоба негізінде жүзеге асады. Салынып жатқан жолдың кей жерінде мал өткелі қалдырылмағанына тұрғындар реніштерін білдірді. Бұл бағытта «Қазавтожол» АҚ мекемесімен бірлесіп жұмыстар жүргіздік. Жоба бойынша олар өткелдерді салған, бірақ жергілікті тұрғындар мұны қашықсынып жүр. Жұмыс басталғаннан кейін Нұржау ауылының тұсынан жол белгілерін қоюды ұйымдастырамыз. Ауданда қолданыста жүрген жедел жәрдем автокөліктерінің бірі Нұржау ауылына бөлінеді, - деген аудан әкімі Қайрат Талапұлы биылғы жылы округке спорт кешенін салу жоспарланғанын айтып, аудан көлемінде атқарылған жұмыстар және алда тұрған міндеттер туралы 10 ақпан күні 10:00-де тікелей эфир арқылы өзінің есеп беру жиыны өтетінін еске салды.

А.Шакупова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521